Бүгін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері талқыланған семинар-кеңес болып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Семинар-кеңеске ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров және орталық сайлау комиссиясының мүшелері, кандидаттың сенімді өкілдердері, байқаушылар, сайлаушылар қатысты.
Өз кезегінде сөз алған Константин Петров сайлаудың өткізілу тәртібі және атқарылған жұмыстар туралы айтты.
22 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының алғашқы отырысы болып өтті. Содан бері берілген жоспарға байланысты кезекті отырыстар өткізіліп отырды.Кандидаттар сайлау туралы заңда көрсетілген барлық талаптарға сәйкес тіркеліп, тексерілді. Нәтижесінде алты кандидат сайлауға түсуге мүмкіндік алды,-деді ол.
Оның айтуынша, дауыс беру күні екі бірдей сервис жұмыс жасап тұрады. Және халықаралық байқаушылар мен отандық байқаушылардың барлығы оқудан өткізгендігін айтады.
Әрине,өткен сайлау науқанында байқаушлар мен сайлау тәртібін бұзған жағдайдар болды. Оған негізгі себеп сайлау туралы заңды толық білмеу. Сол үшін биыл барлық байқаушыны оқудан өткізуді күшейттік. Бірақ, бізге оқудан өткен байқаушылардың саны белгілі де, нақты кімнің өткені белгісіз. Сол үшін жеке азаматтық міндеттеріңіз ретінде бұл мәселеге немқұрайлы қарамауға шақырамын,-деді ОСК мүшесі С. Мұстафина.