Сайлау жұмыстарына мұғалімдер тартыла ма? Аймағамбетов жауап берді

7 Ақпан 2023, 15:44
1341
Бөлісу:
Сайлау жұмыстарына мұғалімдер тартыла ма? Аймағамбетов жауап берді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Сайлау жұмыстарына мұғалімдер заңсыз тартылса, заңға сәйкес шара қабылданады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауында мұғалімдер жұмысқа тағы да заңсыз тартылып жатса, Асхат Аймағамбетов бұрынғы бас ұстаз ретінде қандай шара қабылдай алады? Бұл сұраққа экс-министр «AMANAТ» партиясының кезектен тыс съезінің кейін жауап берді.

«AMANAТ» партиясының мүшесі былай деп жауап берді.

Нақты фактілер болса, онда тиісті жұмысты қолға аламыз. Өйткені заңда мұғалімдерді өзінің міндетіне жатпайтын жұмыстарға тартпауға қатысты жауапкершілікті бекіттік. Егер қандай азамат болсын, яғни оның мамандығына қарамастан оны мәжбүрлеп, құқықтарына зиян келтіретін болса, онда әрине, осы елдің азаматы ретінде оған тікелей араласамыз, - деп жауап берді Асхат Аймағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы