Сайлау учаскелерінде осы сағатта бірнеше заң бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазин онлайн марафондағы брифинг барысында мәлімдеді.
Сайлау процесінің заңдылығын жоғары қадағалау прокуратура органдарымен жалғастыру жұмыстары жүріп жатыр. Жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша сайлау туралы заңнаманы бұзудың 9 фактісі тіркелген. Олар Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Райымбек және Ұйғыр аудандарындағы сайлау учаскелерінде, Жетісу облысында Қаратал және Кербұлақ аудандарындағы учаскелерінде, СҚО-дағы Айыртау және Жамбыл аудандарындағы учаскелерде орын алған,- дейді Азамат Сарғазин.
Бұл заң бұзушылықтар комиссия мүшелері тарапынан азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік берілуімен байланысты болған. Аталған учаскедегі барлық комиссия мүшелері шеттетілді. Қазргі уақытта жергілікті прокуратура әкімшілік жауапкершілік бойынша шаралар қолдануда.
Әрбір сайлаушы өзі дауыс береді. Дауыс беру құқығын басқа біреуге беруге, сол сияқты басқа адам үшін дауыс беруге жол берілмейді. Прокуратура органдарына бүгін түскен өтініштерге келетін болсақ дауыс беру рәсімі басталғалы бері ықтимал заң бұзушылықтар туралы түскен 32 өтініш келіп түскен. Оның 7-еуі бас прокуратураға жолданған. Текскеру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті прокурорларға жолданды. Қалған 25-і жергілікті прокуратураға келіп түскен. Елордада 4, Алматыда 2, Шымкентте 3, ШҚО 6, Түркістан облысында 4, Солтүстік Қазақстан облысныда 4, ал Қарағанды мен Павлодар облыстарында 1 өтініштен түскен. Олардың 5-еуі бойынша түсіндіру сипатындағы жауаптар берілді. 10 өтініш құзыреті бойынша өкілетті органдарға жолданды. Ал қалған 10өтініш қаралуда,-дейді прокуратура өкілі.