Наурыз мерекесінің қарсаңында Алматыда сайлау учаскелерінде наурыз көже мен бауырсақ таратылып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Оқушылар сарайында орналасқан №377 сайлау учаскесі сайлаушыларға наурыз көже мен ыстық бауырсақтан дәм татқызып жатыр.Осылайша, сайлаушыларды ерекше күтіп алуға кіріскен. Маңызды науқаннан шет қалмай дауыс беруге келгендерде алғыстарын білдірді.
Біздің сайлау учаскесі 2569 адамға шақыру қағазын берген болатын. Тұрғындар белсенді атсалысып жатыр. Көңіл-күйлері өте жақсы. Өз тарапымыздан барынша жағдай жасауға тырысып жатырмыз. Сайлаушыларды әуезді әнмен қарсы алып, көже мен бауырсақ ұсынудамыз, - дейді №377 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Әсия Мәлімова.