Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Облыстың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, халықтың белсенділігі жоғары. Әсіресе Уәлиханов ауданында дауыс берушілердің 80 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған.
Ең азы Тайынша ауданында. Мұндағы жұрттың әзірге 53 пайызы ғана келген. Облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскиннің айтуынша 218 елді мекендегі 60 мыңнан астам адам дауыс беруі тиіс.
Сағат 20-00-ге дейін тұрғындардың таңдау құқығын жасауға мүмкіндігі бар. Қазір де жаман емес, халық белсенді. Тұрғындардың басым бөлігі түске дейін келіп, дауыс берді, - деді Тілеген Қаскин.
Сайлау барысы бойынша өткізілген брифингте Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Айтбаев қазіргі жағдай туралы баяндады.
Сайлау учаскелерінде кешкі сағат 16-00-ге дейін заңбұзушылық фактілері тіркелген жоқ. Полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Сайлау туралы заңды бұзу фактісі туралы ешқандай шағым түскен жоқ, - деді Қанат Айтбаев.
Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облсында 70 ауылдық округ пен 1 аудандық маңызы бар қаланың әкіміне сайлау жүріп жатыр.