Сайлау учаскелері байқаушылардың барлық сұрағына жауап берді – байқаушы

11 Қаңтар 2021, 13:50
1774
Бөлісу:
Сайлау учаскелері байқаушылардың барлық сұрағына жауап берді – байқаушы
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР СІМ бірлесе ұйымдастырған тәуелсіз халықаралық байқаушылармен өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Пандемияға қатысты жұмыс тәртібімізге орай үш ірі республикалық қалада болдық. Сондай-ақ, пандемия мен қысқы мезгілге байланысты Нұр-Сұлтан қаласында ғана байқауды жүргіздік. Біздің байқаушылар қаланың оң және сол жақ жағалауындағы учаскелерде болдық. Ұйымдастырушылар бізге барлық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етті. Сондай-ақ, қала тұрғындары тарапынан  белсенділікті көрдік. Санитарлық талаптар сақталған, - деп атап өтті тәуелсіз сарапшы Омер Кожаман.
омер.jpeg

Сондай-ақ, ол 14 сайлау учаскесінде болғандарын айтты. Сайлау дауыстары санағына қатысқан халықаралық байқаушы өз пікірін білдірді.

Сайлау барысында дауыс санауды байқадық. Бұл процесс кезінде байқаушылардың талап-тілектері ескерілді. Күрделі процеске қарамастан тікелей қатысушылар уақыт бөліп, байқаушылардың сұрақтарына жауап берді. Барлығы транспарентті, ашық негізде жүргізілді. Тұтастай алғанда көңіліміз толды деп айтуға болады, - деп пікір айтты шетелдік сарапшы Шокиржон Рахматов.
омер1.JPG

Жергілікті байқаушылар, әсіресе партия өкілдері өте белсенді болғанын жеткізді.

Сайлау процесі кезінде олар сұрақтар қойып, өздерінің құқықтарын талап еткен болатын. Сайлау учаскелері барлық сұрағына жауап берді. Олардың заңнамаға байланысты талаптары мен ОСК қаулысына сәйкес түсіндірулер жүргізілді. Егер қандай да бір техникалық ақаулар туындаған жағдайда оны жою бойынша жұмыстар жүргізді. Сайлау барысында, дауыстарды санау кезінде өз тарапымыздан ешқандай құқықбұзушылықтар болған жоқ екенін айтқымыз келеді, - деп толықтырды ол.

омер2.JPG


Өзгелердің жаңалығы