Сайлау туралы шетелдік журналистер ойы

18 Наурыз 2023, 15:41
1204
Бөлісу:
Сайлау туралы шетелдік журналистер ойы
PHOTO
Фото: автордан

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы шетелдік БАҚ үшін арнайы отырыс өткізді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Венгрияның Mandiner журналының тілшісі Матьяш Кохан Қазақстандағы билік пен халықтың саяси процестерге жіті көңіл бөле бастағанын айтты.

Менің Қазақтанға келгеніме біраз уақыт болды. Реформалардың шынайы екеніне көзім жетті. Демократизация процесі қарқынды жүріп жатыр. Билік пен халық шынайы кірісу қажет екенін жақсы түсінген. Бұл демократияға деген нақты қадам, – деді Матьяш Кохан.

Ол науқанға қатысушы қазақстандық жастардың саны артқанын атап өтті. Сөзінше, партияда жастарға арналған квота енгізілуі таптырмас мүмкіндік.

Сайлау туралы шетелдік журналистер ойы

Сонымен қатар Diplomatic Informer Magazine журналының бас редакторы Сюзан Новелла елдегі сайлау жүйесінің ерекшелігін айтты.

Астанаға келгеніме және жаңа сайлау жүйесінің бір мүшесі болғаныма қуаныштымын. Сайлау барысы жоғары деңгейде  ұйымдастырылған. Журналистер әр түрлі мемлекеттерден келген, меніңше саны 45-тен асады. Қазіргі таңда осында болуымның өзі науқанға деген қызығушылығымды тудырып тұр. Қатысып жатқан тәуелсіз кандидаттардың саны біршама екен. Әрине, елдеріңізде бірнеше мәрте болдым, бірақ БАҚ өкілі ретінде бірінші рет қатысып тұрмын, – деді Diplomatic Informer Magazine журналының бас редакторы.

Өзгелердің жаңалығы