Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ТМД байқаушысы Максим Григорьев сайлау процесінің талапқа сай өтуін қамтамасыз еткен 20 мыңға жуық ішкі байқаушының жұмысына оң бағасын берді.
Қазақстандағы азаматтық альянстың байқаушысы ретінде атқарған еңбегінен олардың бұл мәселеге жауапкершілікпен келгенін атап өтуге болады. Әр сайлау учаскесінде олардың кемі екі адамы болды. ТМД елдері миссиясы аясында біздер де әр сайлау учаскесінде болып жатқан жағдайдан барынша хабардар болып отырдық. Ірі қалаларда ғана емес ауыл мен аудандарды да қамтыдық. Ол жердегі байқаушылармен ақпарат алмасып отырдық. Бір айта кетерлігі байқаушы болу - бұл көзбен көріп, куә болған жағдайларды ескеру. Жалған ақпаратқа сүйенуге жол бермеу керек. Осыған қатысты ауылдардың бірінде орын алған жағдаймен бөліскім келеді, - деді ол.
Оның айтуынша, аулыдардың бірінде байқаушы тарапынан біраз бұзушылық туралы ақпарат алған.
Қазақша атауын білмеймін орысшасы «Крылья свободы» деп аталатын ұйымның байқаушысы учаскелерге байқаушыларды жібермей жатқаны туралы айтты. Мен одан не себепті екенін білдім. Мәлім болғандай, олардың ПТР анықтамсы жоқ екен. Мен оған «бұл бұзушылық емес қой, санитарлық дәрігердің талабы, тіпті халықаралық байқашуы ретінде бізден де ол анықтаманы қатаң талап етті» дедім. Ол тағы бірнеше жағдайды айтты. Бірақ өз учаскесінде ондай жағдайлар орын алмаған, - деді ол.
Оның айтуынша, фейк ақпараттар көп болды, дегенмен олардың жалғандығы көзге көрініп тұрды, артынан ашылып та жатты.
Оның әдейі не мақсатсыз жасалғаны туралы білмеймін. Бір білерім елдегі саяси науқан халықаралық талаптарға сай өтті. Халықтың дауыс беру құқығы да, денсаулығына нұқсан келтірмеу жағы да толықтай сақталды. Бірнеше елмен салыстыра келе осындай тұжырым жасап отырмын. Қазақстанды біз қалыптасқан, байсалды мемлекет деп білеміз. Оған тек сәл ғана өзінің мүмкіндігіне деген сенім жетпей тұр, сіздерге өз күштеріңіздің толағай екеніне сенім білдірулеріңізді тілеймін, - деді ол.