Сайлау процесін кәсіподақтардан 6 мыңға жуық байқаушы қадағалайды

26 Қараша 2020, 17:40
1795
Бөлісу:
Сайлау процесін кәсіподақтардан 6 мыңға жуық байқаушы қадағалайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіподақтар үйінде 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәслихаттары мен Мәжілістері депутаттарын сайлаудағы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы байқаушыларының республикалық штабының бірінші отырысының қорытындылары бойынша брифинг өтті.

Бұл туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы хабарлады.

ҚРКФ байқаушыларының республикалық штабының төрағасы, Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев 26 қарашадағы жағдай бойынша ҚРКФ мен оның мүшелік ұйымдарынан 5762 тәуелсіз байқаушылар тіркелгенін, олар дауыс беруді республика бойынша 3726 сайлау учаскелерінде бақылайтынын атап өтті. 

ҚР Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің 6 қарашадағы шешімімен кәсіподақтар сайлау процесіне байқаушылар ретінде қатысады. Біз алдымызға екі миссияны қойдық - ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді. Біріншіден, біз үшін азаматтардың өз таңдауын жасау еркіндігі жұмыс берушілер өкілдерінің тарапынан қандай да бір қысыммен бұзылмауы маңызды. Екіншіден, біз сайлау процесінің елдің заңнамасына сәйкес өтуін байқаймыз, - деп атап өтті Нұрлан Өтешев.

Республикалық штабтың мүшесі, «Мемлекеттік, банк мекемелері және халыққа қызмет көрсету қызметкерлерінің қазақстандық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Атақозы Нұрланов аталған салалық кәсіподақтың Кәсіподақтар Федерациясының ең ірі мүшелік  ұйымдарының бірі және әрқашан елдегі ең маңызды ішкі саяси процестердің алдыңғы қатарында екенін жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі кезде салалық кәсіподақ, оның филиалдары мен жергілікті кәсіподақ ұйымдарының мүшелері байқаушылардың облыстық  және аумақтық штабының құрамына кірді.

Ынтымақтастыққа негізделген әлеуметтік әріптестерімізбен бірлескен жұмыс бізге Еңбек Адамының сайлау бостандығына конституциялық құқығы сияқты негізгі демократиялық құндылықтарды сақтауда айтарлықтай жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді, - деді Нұрланов.

Өз кезегінде Республикалық штабтың мүшесі, «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрайымының орынбасары Әлия Әбиева  салалық кәсіподақтың ҚРКФ-ның ірі мүшелік ұйымдарының бірі  екендігін, оның мүшелері де байқаушылардың республикалық және аймақтық штабтарының құрамына кіргенін айтты. 

Біздің салалық кәсіподақ Кәсіподақтар Федерациясының сайлау күні сайлау процестерінің ашықтығын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі бастамасын қолдайды. Біз сайлаудың ашық, еркін және демократиялық түрде өтуі үшін байқаушылар ретінде бұған ықпал етеміз, - деді Әлия Әбиева.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аймақтық  штабының мүшесі, «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Астаналық филиал төрағасы Руслан Сатывалдеевтің айтуынша, елордадағы 248 сайлау учаскесінде сайлау барысын жүзден астам кәсіподақ мүшесі бақылайтын болады.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аймақтық  штабының мүшесі, Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің Қазақстандық салалық  кәсіподағының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі Зейнегүл Базанова болса, сайлау науқанына алғаш рет бақылаушы ретінде қатысып отырғанын мәлімдеді.

27 қарашадан бастап Кәсіподақтар федерациясы аумақтық бақылаушылар штабының мүшелері үшін бірқатар онлайн-оқыту семинарларын өткізеді.

Еске салайық, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы мәслихаттары мен Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленді.

Өзгелердің жаңалығы