Сайлау өткен соң өз жолымызбен кетеміз – Азат Перуашев

6 Қазан 2022, 14:07
1199
Бөлісу:
Сайлау өткен соң өз жолымызбен кетеміз – Азат Перуашев

Бұл туралы «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Съездің нәтижесінде 81 дауыспен, яғни 64,2%-ы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсыну жөніндегі қоғамдық коалицияны қолдап дауыс берді. Мен съездің шешімін қайта қарай алмаймын. Ол үшін бәрін қайтадан шақырып, жинау керек. Ондай қажеттілік бар ма? Әріптестерімнің дауысынан ғана емес, залда сөйлегендердің басым көпшілігі Президентті қолдады. Сайлау өткен соң өз жолымызбен кетеміз, - деп атап өтті фракция басшысы. 

Айтуынша, партияның өз бағдарламасы бар.

Еске сала кетейік, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында жариялады. Президент сайлаудың өтуін әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажеттігімен байланыстырды.  Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік мерзімнің ең көп санын екіден бір жылға дейін қысқарту мен елді билеу мерзімін бес жылдан жеті жылға дейін ұлғайтуды ұсынды. 

 Айта кетерлігі, саяси дода еліміз егемендікке қол жеткізгелі бері алты рет өткізілген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы