Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 маусым – сайлау күні Түркістан облысында 200-ге жуық бала дүниеге келді. Олардың жүзден астамы қыз бала. Түркістан облысының перзентханасында жатқан әйелдер таңғы сағат 7-ден бастап дауыс бере бастады.
Бүгін Түркістан облысының барлық перзентханаларында сайлау өтті. Оған жүкті әйелдер мен босанушылар қатысты.
Айта кетейік, Түркістан облысында 3 перинаталдық орталық бар. Аталған саяси науқанға үш жүзден астам әйел қатысты.
Жалпы, Түркістан облысы бойынша жылына 55 мыңға жуық бала дүниеге келеді. Бұл республика бойынша ең үлкен көрсеткіш. Түркістан облысының перзентханалары мен ауруханаларында 9 маусымда Қазақстан президенті сайлауына дауыс беру уақыты қысқарды.
"Облыстық перинаталдық орталықтар мен ауруханаларда дауыс беру таңғы сағат 10.00-ге дейін өтті. Медициналық ұйымдар бұл режимдік нысан екенін ескере отырып, дауыс беру уақыты кешке дейін созылмауын қолға алды", - деді ведомство өкілдері.