Бұл туралы Әділ сайлау штабының кезекті брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының электоралды оқыту орталығының басшысы, Думан Жампейісов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
19 наурызда өтетін сайлауда сайлаушылар өз учаскелерінде таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін дауыс бере алады. Ал, дауыстарды санау 20:00 де басталады. Нәтижелердің барлығы сайлау учаскелерінде қорытындалатын хаттамаға толтырылады. Хаттама барлық жерлерде екі күн ілініп тұрады. Хаттама арқылы кез келген адам сайлау учаскесінде кімнің қандай нәтижеге қол жеткізгенін көре алады.
Сайлау заңды адал өтуі үшін қылмыстық кодексте жауапкершілік бекітілген. Сайлау комиссияларының мүшелері дауыстарды санау кезінде дұрыс санамаса немесе сайлау нәтижелерін дұрыс айқындамаса онда оларға қылмыстық жаза көзделген. Яғни айыппұл мөлшерінде 4 мың АЕК немесе 13 млн 800 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Егер кінәсі сотпен анықталатын болса 4 жыл бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Комиссияларға осындай жоғары жауапкершілік көзделген, - дейді Думан Жампейісов.
Айта кету керек, дауыс беру аяқталғанға дейін жәшіктерді ашуға тыйым салынады.