COVID-19: Сайлау кезінде вирус таралмауы үшін қандай шаралар қабылданады

10 Желтоқсан 2020, 21:32
1619
Бөлісу:
COVID-19: Сайлау кезінде вирус таралмауы үшін қандай шаралар қабылданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 66 «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауында сайлау алды үгітті жүргізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» Қаулысы шықты.

Қаулыда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп өңірлердегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етсін делінген.

Сайлау процесінің барлық қатысушылары: 

1) бір рет қолданылатын медициналық немесе қорғаныш маскаларын (бұдан әрі – маскалар), қолғаптарды кию режимін міндетті түрде сақтауы;
2) қолды дезинфекциялау үшін антисептикалық құралдарды пайдалануы;
3) адамдар арасында бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауы;
4) қол алысуды немесе тікелей байланыстың басқа да түрлерін болдырмауы қажет.
3. Сайлау алды үгіт іс-шараларын теледидар, радио, баспа басылымдарын, интернет-ресурстарды пайдалана отырып, онлайн режимде өткізу ұсынылады.
4. Сайлау алды көпшілік іс-шараларын жүргізу арқылы сайлау алды үгітті өткізу кезінде осы шаралардың 2-тармағында көрсетілген КВИ-дың таралуының алдын алу жөніндегі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.  
5. Сайлау кампаниясы үшін арнайы дайындалған тегін баспа материалдарын, оның ішінде иллюстрациялық материалдарды, сондай-ақ белгішелерді, жалауларды, жалаушаларды таратуды бір рет қолданылатын қолғаптарды және қорғаныш маскаларын пайдалана отырып жүзеге асыру қажет. 

Сайлау алды көпшілік іс-шараларын және үй-жай ішінде сайлаушылармен жеке кездесулерді өткізу кезінде: 

1) әлеуметтік қашықтықты мүлтіксіз сақтау үшін жеткілікті кең үй-жайларды пайдалануды;
2) іс-шараға қатысушылардың температурасын үй-жайға кіреберісте байланыссыз бақылауды;
3) үй-жайға кіреберісте және үй-жай ішінде қолды дезинфекциялауға арналған құралдарды пайдалануды;
4) жуу құралдарын қолдана отырып, үй-жайды және барлық жұмыс беттеріне ылғалды жинау жүргізуді, дезинфекциялауды;
5) жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда үй-жайға тұрақты желдету жүргізуді;
6) ғимараттың техникалық мүмкіндіктері болған кезде үй-жайға бөлек  кіретін және шығатын жолдарды;
7) КВИ-дың профилактикасы шараларын сақтау туралы ақпараттық материалдарды орналастыруды;
8) үй-жайға кіреберісте және үй-жай ішінде қашықтық белгілерін орнатуды;
9) қатысушыларды әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып отырғызуды қамтамасыз ету қажет.
7. Сайлау алды іс-шараларын өткізу кезінде санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті және азаматтардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету үшін жауапкершілік іс-шаралар ұйымдастырушыларына жүктеледі.   

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыздар

Өзгелердің жаңалығы