Сайлау кедергісіз өтіп жатыр – сенімді тұлғалар

20 Қараша 2022, 17:12
1049
Бөлісу:
Сайлау кедергісіз өтіп жатыр – сенімді тұлғалар
Фото: автордан

Ертіс өңірінде сайқау науқаны қызу. Саяси үрдісті байқаушылармен қатар ел президенттігіне үміткерлердің сенімді тұлғалары қадағалап жүр, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президенттігінң кандидат Нұлан Әуесбаевтың сенімді тұлғасы Ажар Сағандықованың айтуынша, сайлау науқаны рет-ретімен, еш кедергісіз өтіп жатыр. Сонымен қатар, сайлау учаскелерінің жақсы дайындығын атап өтті.

Павлодар қаласындағы сайлау учаскелерінің жұмысын бақылап  жатырмыз. Биылғы жылы дауыс беру орындарының дайындығы жақсы. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бар жағдай жасалған. Көзі нашар көретіндер үшін тактильді құралдар бар. Ал арбамен жүретін азаматтар үшін пандустардың көмегін пайдалана алады. Күрделі проблемалар жоқ. Жаңа мекенжайға тіркеліп, сацлаушылар базасына енбей қалған азаматтарды көрдік. Бірақ, мәселе санаулы минуттардың ішінде шешілді, - дейді Ажар Сағандықова.

Бүгін кандидат Нұрлан Әуесбаевтың 100-ге жуық сенімді өкілдері мен байқаушылар жұмыс істеп жатыр. Сенімді тұлғалар Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауынан соң дайындықтарын бастаған. Олар заң нормалары, сайлау учаскелерінде жұмыс істеу бойынша оқу курстарынан өткен. 

Саяси науқан барысын 2000 астам байқаушы қадағалап жүр. Олар 500-ден астам сайлау учаскенің жұмысына мониторинг жасауда.

Өзгелердің жаңалығы