Сайлау. Ертең тыныштық күні – ОСК

8 Қаңтар 2021, 18:40
1657
Бөлісу:
Сайлау. Ертең тыныштық күні – ОСК

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК-ның онлайн брифингінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова баяндады.

Бүгін 00.00-де үгіт-насихат жұмыстары аяқталады. Тиісінше ертең тыныштық күні, - деді Щегорцова.

Ол 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгітті жүргізу қорытындылары туралы айтып берді.

Политикалық партиялардың үгіт-насихат жұмыстарын жариялауды жоспарлаған БАҚ-тар Сайлау туралы заңда көрсетілген мерзімде эфирден және баспасөзден орын беру мөлшері, төлемі туралы ақпаратты ОСК-ға ұсынды. Ортсайлаукомға БАҚ-тан 216 ақпараттық хабарлама келіп түсті. Оның ішінде электронды БАҚ-тан 41, баспасөз БАҚ-тан 84, интернет ресурстардан 91 хабарлама келді, - деді ОСК мүшесі.

Щегорцова атағандай, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауалды жұмыстары 10 телеарнада, 8 радиостанцияда, 22 интернет ресурста және 19 республикалық және өңірлік газетте өткізілді. Айта кетсек, телеарналарда 2 582 видео материал, радиостанцияларда 1 217 үгіт аудиороликтер, интернет ресурстарда 199 мақала және баннер материал, республикалық және өңірлік газеттерде 152 мақала, сұхбат форматында жарияланды.

Айта кетейік, үгіт насихат жұмыстары саяси партиялардың сайлау қорларынан жүзеге асырылды.

Өзгелердің жаңалығы