Орталық сайлау комиссиясының отырысында саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетеніне енгізу үшін жеребе тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жеребе тарту 1999 жылы 13 шілдеде бекітілген ереже бойынша жүргізілді.
Жеребе қорытындыларына сай 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға кезектен тыс сайлауда дауыс беруді өткізу кезеңінде саяси партиялардың атаулары сайлау бюллетенінде келесі тәртіппен орналасады:
1. «Amanat» партиясы;
2. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
3. «Respublica» партиясы;
4. «Қазақстанның халық партиясы»;
5. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы;
6. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы;
7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия.