Сайлау. Алматылық байқаушылар іске кірісті

10 Қаңтар 2021, 06:42
1897
Бөлісу:
Сайлау. Алматылық байқаушылар іске кірісті

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауда байқаушы болатын ұйымдар жұмысқа кіріскендерін мәлімдеді.

Алматы қаласы Азаматтық альянсының сайлау рәсімдерінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық орталықтың басшысы Әділ Жүнісов байқаушылардың барлығы қажетті атрибуттармен қамтылғанын айтты.

Бұған дейін біз сайлаудың қалай өтетінін бақыладық. Ол сайлаулар ашық әрі әділ болды. Бізге ескерту жасаған елдерге қарағанда халқымыз қашан да дұрыс шешім шығара білді. Бүгін қаладағы барлық сайлау учаскелерінде Азаматтық альянстың және басқа да ұйымдардың байқаушылары бар. Біздің байқаушылар барлық қажетті атрибуттардың бәрімен қамтамасыз етілген. Сайлау учаскелерінде барлығы ашық, әділ болады деген ойдамыз. Оның үстіне байқаушылардың барлығы ҚР Заңы негізінде оқудан өтті, - деді Әділ Жүнісов. 

Ал «Жастарға жол» қоғамдық қорының президенті Рафаэль Гасанов бүгінгі сайлауда өз штабтарынан 548 байқаушы шығатынын жеткізді.

«Жастарға жол» қоғамдық қорының байқаушылары өзге де тәуелсіз ұйымдармен қатар бүгінгі сайлаудың әділ өтуін бақылайды. Біздің штабтан 548 байқаушы шығады. Бұл ешқандай саяси партияға қатысы жоқ еріктілер, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы