Сайлау-2023. ЖСДП кандидаттар тізімін ұсынды

13 Ақпан 2023, 11:44
1875
Бөлісу:
Сайлау-2023. ЖСДП кандидаттар тізімін ұсынды
Фото: tur.kz

Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы кезектен тыс сайлауға қатысатын Мәжіліске кандидаттарының құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2023 жылғы 6 ақпанда ҚР Орталық сайлау комиссиясына Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Парламент Мәжілісінің депутаттарының сайлауына партиялық тізімді ұсыну туралы тиісті құжаттарды тапсырды. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 19 адамнан тұратын партиялық тізім ұсынды. Бұл тізімде 6 кандидат: әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар қамтылған. Олар кандидаттардың жалпы санының 31,6 пайызын құрайды. Белгіленген квота сақталған, - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова. 

Айтуынша, ОСК тізімдегі кандидаттардың заң талаптарына сәйкестігін тексерген. 

Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адам Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді. ЖСП алдыңғы парламенттік сайлауға қатысқан жоқ. Сондықтан «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 88-бабына партия тізімін тіркеу үшін ОСК шотына сайлау жарнасын енгізуі тиіс. Жарна сомасы партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерін құрайды. ЖСДП сайлау жарнасын толық көлемде төледі, - деді ол.

Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеді. 

Өзгелердің жаңалығы