Бұл туралы ОСК мүшесі Шавхат Өтемісов Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«ҚР Сайлау туралы» конституциялық заңының 12-бап 20-1) тармақшасына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы өз өкілеттілігі шеңберінде саяси партияларды мәслихаттар депутаттарының партиялық тізімдері бойынша сайланатын бір бөлігін сайлауға қатысуға жіберу туралы мәселені қарайды. Қазақстан Республикасындағы «Сайлау туралы» заңының 103-бабының 1-ші және 2-тармақтарына сәйкес партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихаттар депутаттығына кандидатты ұсыну құқығы саяси партияларға тиесілі, - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.
Айтуынша, «Саяси партиялар туралы» заңның 16-бабына сәйкес саяси партияның филиалы мен өкілдігінің жоғары басқару органы конференциясы мен жалпы жиналысы болып саналады. Онда тиісті мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдері ұсынылады.
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы 2023 жылғы 21 қаңтардағы қаулымен мәслихат депутаттарын сайлауға тек үш облыста ғана жіберілді. Қазіргі уақытта партия филиалдары бірқатар басқа облыста және Алматы, Шымкент пен қалаларында құрылды. «Respublica» партиясы да қазіргі уақытта өздерінің филиалдары құрылған аймақтарда ғана мәслихат депутаттарын сайлауға жіберіледі. Осыған орай «Байтақ» жасылдар партиясын Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының барлық деңгейдегі мәслихаттарының депутаттарын сайлауға қатысуға жіберудің кейбір мәселелері туралы қаулыны, «Respublica» партиясын Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының, Алматы, Шымкент және Астана барлық деңгейдегі мәслихаттарының депутаттарын сайлауға қатысуға жіберудің кейбір мәселелері туралы қаулыны қабылдау ұсынылады, - деді Шавхат Өтемісов.
Жиында қаулы қабылданды.