Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

16 Наурыз 2023, 19:12
1324
Бөлісу:
Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары
PHOTO
Фото: almaty.tv

«AMANAT» республикалық сайлауалды штабының мүшелері Ақтөбе облысында өңір жұртшылығымен, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, дәрігерлермен және басқалармен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңір жұртшылығымен жүздесуге 300-ден астам адам қатысты. Онда штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасындағы тұрғын үйге қолжетімділікті, сапалы білім беруді, инфрақұрылымды және жол жөндеуді қамтамасыз етуге бағытталған негізгі басымдықтары туралы айтты.

Бұдан соң партиялықтар арнайы киім шығаратын кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Салада мамандардың жетіспеушілігі және тұрақты түрде ұзақ мерзімді тапсырыстардың болмауы сияқты бірқатар проблема бар. 

Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

Штаб мүшелері өңірдегі мәдениет және спорт қызметкерлерімен мәдени мұраны сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелерін талқылады. 

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қызметкерлерімен кездесуде штаб мүшелері жұмысшылардың мүдделері мен құқықтарын қорғауға бағытталған партияның бастамалары туралы айтты.

Денсаулық сақтау жүйесін түбегейлі жақсартуға қол жеткізу шараларын партиялықтар Ақтөбе облысының медициналық қауымдастығымен кездесуде талқылады. 

Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Айбын Төреханов,  Жандос Тұрсынғалиев, Алмас Мұхаметов, Әлібек Қантай және түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттар Жетісу облысына қарасты Жаркент қаласында сайлаушылармен кездесті. 

Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

Кандидаттармен кездесуге «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС еңбек ұжымы, Панфилов ауданының ауыл шаруашылық, орман, су шаруашылығы  еңбеккерлері, ауыл шаруашылығына қатысы бар қаржы саласының қызметкерлері, жалпы саны 400-ге жуық адам келді. Жиында Қазақстандағы ауылдық аумақтардың бүгінгі сын көтермейтін ахуалы мәселе ретінде көтеріліп, оларды оңалту жолдары талқыға түсті. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік шаралар дәйексіздігі, айналымға қажет қаражаттың тапшылығы, несие үстемесінің қымбаттығы, жалпы мемлекеттік қолдаудың ДСҰ шеңберіндегі келісімдерде қарастырылған деңгейден анағұрлым төмендігі айтылды. 

Еліміздің барлық қалаларында «Ақ жолмен» - жарқын жолмен!» автошеруі өтті

Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

Еліміздің барлық қалаларында «Ақ жолмен» - жарқын жолмен!» автошеруі  өтті. «Ақжолдың» республикалық штабы бұл креативті акцияны сайлау науқаны аясында дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді.

Бүгін бір уақытта Астана, Шымкент, Қызылорда, Павлодар, Атырау, Өскемен, Көкшетау қалаларындағы, сондай-ақ, Жетісу, Ұлытау, Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарындағы «Ақ жол» партиясының кеңселерінен демпартияның туларымен және үгіт-насихат құралдарымен безендірілген ақ түсті көліктердің легі жолға шықты. Жалпы шеруге 200-ден астам көлік қатысты.

Көліктердің түсі де кездейсоқ таңдалмаған, ол «Ақ жол» демократиялық партиясының атауымен үндес. Ақ түс тазалықты, таңдалған жолдың ашықтығын білдіреді.

Көліктердің автошеру маршруттары Қазақстан қалаларының барлық орталық көшелерін, көпірлерін, жол айрықтары мен даңғылдарын қамтыды. 

ҚХП төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Александр Милютин Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданындағы «Зайтенов» шаруа қожалығында болды.

Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

Бұл шаруа қожалық астық, шұжық, ірімшік өндірумен айналысады.  Сондықтан да партия өкілінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары ауылшаруашлық бағытында өрбіді. 

Шаруалар мемлекеттен берілетін субсидияларға қол жеткізе алмай жатқанын айтты. Осы ретте Александр Милютин партия агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асыру қағидаттары мен тетіктерін түбегейлі қайта қарауды ұсынып отырғанын атап өтті. 

Кездесуде партия өкілі жастарды қолдау, ауылды дамыту, салалардағы кадр тапшылығы секілді мәселелерді де атап өтті. Сонымен қатар ол қазақстандықтар үшін білім мен денсаулық саласындағы қызметтер тегін әрі қолжетімді болу керек екенін тілге тиек етті.

Өзгелердің жаңалығы