Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

15 Наурыз 2023, 19:08
1107
Бөлісу:
Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

«Ауыл» партиясы 15 наурыз күні Шымкент қаласында «Ұлағатты әйел – ұлт ұйытқысы» атты әйелдер конгресін ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауыл әйелдерін қолдау мақсатында өткізілген шараға  «Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Қарақат Әбден, Анна Данченко, София Әбдіразақова  «Қазақ аналары – дәстүрге жол» бірлестігінің негізін қалаушы, актриса Айнұр Жүгінісова, ақын Құрманай Бақтиярқызы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жапарқұл қатысты. 

Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

Конгресс барша қазақстандық, оның ішінде ауыл әйелдерін қолдау мақсатында ұйымдастырылды.  Жиынға еліміздің төрт түкпірінен келген  мыңға жуық қыз-келіншек қатысты. 

Ал «AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Батыс Қазақстан облысында кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, педагогтармен, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Орал қаласында РПШ мүшелері өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен жүздесіп, партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын талқылады.

Мәжіліс депутаттығына кандидат Бақтықожа Ізмұхамбетов атап өткендей, кез келген ел дамуының негізгі шарты – қоғамдағы бейбітшілік пен келісім.

Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

ҚХП Атырау облыстық филиалының төрағасы, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Балжан Досмұхамбетова қалалық емхананың ұжымымен кездесті. 

Спикер кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ол алдымен Халық партиясы еліміздің барлық тұрғындарына лайықты жалақыны қайтару үшін халықаралық конвенцияны ратификациялауды керектігін айтты.

Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

Бүгін ЖСДП-дан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидат Нұртай Қожаханов «Interoil&Services Kazahstan» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

Кандидаттыққа депутат сайлаушыларды сайлауға белсене қатысуға, өз таңдауын жасауға шақырды. Сонымен қатар кездесу барысында жұмыскерлерді партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарымен таныстырды.

Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары
Өзгелердің жаңалығы