Сайлау-2023: Бас санитар дәрігер сақтық шараларын сақтауға шақырды

23 Қаңтар 2023, 17:20
1114
Бөлісу:
Сайлау-2023: Бас санитар дәрігер сақтық шараларын сақтауға шақырды
Фото: Арман Мухатов

Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бас санитар дәрігер сайлау науқанын өткізу барысында сақтық шараларын сақтауға шақырды. 

Республикамызда коронавирус инфекциясы бойынша ағымдағы жағдайды, сондай-ақ ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық маусымның ағымын ескере отырып, кандидаттарды ұсыну жүргізу кезінде:

1) кандидаттарды ұсыну бойынша съез, конференция өткізген кезінде кең үй-жайларды пайдалануды; 

2) үй-жайларда желдеткіш/ауа баптау жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін;

3) R көрсеткіші бірден жоғары аймақтарда маска кию режимін сақтауды ұсынамыз, - деді Айжан Есмағамбетова. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер әлемде коронавирустың «кракен» деген жаңа түрі таралып жатқанын айтқан еді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңірлер жасыл аймақта тұрғанына тоқталды. 7 өңірде: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, облыстарында R көрсеткіші бірден жоғары екендігін ескерткен дәрігер қоғамдық орындарда маска тағуды ұсынды. 

Өзгелердің жаңалығы