Сайлау-2023: 62 шет мемлекеттегі Қазақстан азаматтары дауыс беруге болады

19 Наурыз 2023, 07:39
1007
Бөлісу:
Сайлау-2023: 62 шет мемлекеттегі Қазақстан азаматтары дауыс беруге болады
Фото: egemen.kz

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазақстан Республикасында барлығы 10223 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде 62 шет мемлекетте еліміздің 72 учаскесі бар. Сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінде 12 032 550 адам бар. Кеше сағат 18.00-де дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру аяқталды. Республика бойынша барлығы 12 761 куәлік берілді, - деп атап өтті ОСК мүшесі.

Айтуынша, Қазақстан Республикасының 12 шетел мемлекетіндегі 13 учаскесінде дауыс беру басталды. 

Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Индонезия, Тайланд, Қырғызстан, Ресей Федерациясының Омбы қаласында дауыс беру өтіп жатыр, - деп нақтылады Константин Петров. 

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық ететін орган мүшесі өңірлерде 8 272 сайлау учаскесі дауыс беруге кіріскені туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы