«Байтақ» партиясы Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Құжаттар ОСК-ға «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 87-бабында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылды.
«Байтақ» партиясы барлық тиісті құжатты Орталық сайлау комиссиясына ұсынды.
Мынадай құжаттар екі тілде ұсынылды ұсынылды:
- саяси партияның жоғарғы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
- саяси партияның Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
- партия өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат;
- партиялық тізім (электронды және қағаз түрінде);
- азаматтардың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші;
- тізімге енгізілген әрбір кандидаттың өмірбаяндық деректері;
- партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың жеке куәліктерінің көшірмелері және т.б
Бұған дейін «Байтақ» партиясы барлық өңірдегі мәслихат депуттары сайлауына қатыса алатынын хабарлаған болатынбыз.
Сонымен қатар 3 қаңтарға партияның съезі өткен болатын. Жиында «Байтақ» жасылдар партиясынан сайлауға кандидаттыққа 19 адам ұсынылғаны белгілі болды.
Оның ішінде:
- әйелдер квотасы – 4 кандидат.
- жастар квотасы – 1 кандидат.
- мүгедектер квотасы – 1 кандидат.