Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елорда уақытымен 20:00-де дауыс беру аяқталды. Сайлау Қостанай облысының 65 ауылы мен ауылдық округтерінде өтті.
Дауыс беруді ұйымдастыру кезінде сайлау заңнамасының сақталуын 207 саяси партияның, 279 қоғамдық және коммерциялық емес ұйымның өкілдері бақылады, - деп атап өтті облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Әсия Дуанбаева.
Қазір дауыстарды санау жүргізіліп жатыр. Облыста сайлаушылардың алдын ала келуі 84,4% болды.