Саяси реформалар жүйелі түрде өз жалғасын табады

5 Қыркүйек 2023, 16:11
662
Бөлісу:
Саяси реформалар жүйелі түрде өз жалғасын табады
Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Азаматтардың жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болуы бұл «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасының жалғасы дейді Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиал доценті, саяси ғылымдар кандидаты Сауле Рысбаева, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған кезекті жаңа Жолдауымен танысу барысында аймақтағы атқарушы биліктің шешім қабылдау ісіне азаматтардың тікелей қатысу мүмкіндігінің біртіндеп артатынына қуандым. Әлбетте, саяси реформалар жүйелі түрде өз жалғасын табады. Ауыл халқын ел басқару және шешім қабылдау ісіне мүмкіндік беретін саяси шараның жалғасын табуы, әрине, ауыл халқының мүддесі үшін жасалған стратегиялық маңызы зор міндет, - деді ол.

Азаматтардың жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болуы бұл «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасының жалғасы.

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жолындағы жүйелі жұмыс та өз жалғасын таба бертіндігіне тоқталған Президент, мемлекеттік жоспарлау жүйесін түбегейлі өзгерту қажеттілігіне де басымдық берді. Жоспарлардың айқын, ашық, қолайлы, нәтижелі болуы маңызды деді. Бүгінде біздің қоғам мүшелері жаңа, тың идеялар мен тәсілдерді, оларды іске асыратын жас кадрларды қажет етеді. Осы мақсатта өздеріңізге мәлім, саяси мемлекеттік қызметшілердің кадрлық резерві қалыптасқан... «Жоғары лауазымға ие болғысы келетіндер көп, бірақ олардың біліктілігі тиісті талапқа сай келмейді. Демек, кадр мәселесін міндетті түрде қолға алуымыз керек, сапалы мамандар тәрбиелеу қажет дегенді айтты Қасым-Жомарт Кемелұлы. ХХІ ғасыр ақпараттық-технологиялық қоғам дәуірі, кәсібилікті, кәсіби мәдениеттілікті талап ететін дәуір. Тың идеялар мен жасампаз жаңалықтардың дәуірі. Бұған лайық болу қазіргі жаһандану процесінде сапалы мамандар, кадрлар даярлау арқылы ғана болады. Бұл кез келген мемлекеттің негізгі ұстанымы, - деді Сауле Рысбаева.

Өзгелердің жаңалығы