Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев референдумдағы заңнама мен азаматтардың құқықтарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел барысында айтты.
Қазір елімізде болып жатқан өзгерістерді көп азамат саяси процесті косметикалық өзгерту деп ойлайды. Бұл жерде саяси процесс түбірімен өзгереді. Жаңа Қазақстан қашан құрылады? Бұл ұғым нені білдіреді? деген сұрақ әрбір жаста болуы мүмкін. Қазақстанда 14-35 жас аралығындағы жастың саны 6,7 млнға тең. Яғни, Қазақстанның әр үшінші тұрғыны- жас азамат. Сондықтан Жаңа Қазақстанды күтетін ең ірі әлеуметтік топ - жастар, - деді ол.
Депутат атағандай, Жаңа Қазақстанды құру үшін жаңа саяси реформалардың жасалуы маңызды болып отыр.
Ондай реформалардың бастамасы - Конституцияға өзгеріс енгізу. Конституцияның үштен бір бөлігіне өзгеріс енгізіледі. Ол толық саяси процесті демократиялық принципке сай өзгеруі керек. Әлемдік тәжірибе бойынша барлық тетікті енгіздік. Оны іске асыру керек, - деді Бейсенбаев.