Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта Nur Otan-ның кезектен тыс XXII Съезі өтеді.
Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Құрметті достар! Өздеріңіз білетіндей, ертең Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта Nur Otan-ның кезектен тыс XXII Съезі өтеді, - деп жазды ол.
Оның жұмысына еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысады.
Бүгін партияның Саяси кеңесінің қаулысымен Съездің күн тәртібі бекітілді. Екі мәселе қаралады:
1. Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу.
2. Nur Otan партиясының модернизациясы.