Саясаттанушы: Тұрақтылық, Демократия, Жаңару – «жаңа кезең» міндеттерінің үшбірлігі

2 Қыркүйек 2019, 18:07
2714
Бөлісу:
Саясаттанушы: Тұрақтылық, Демократия, Жаңару – «жаңа кезең» міндеттерінің үшбірлігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа алғашқы Жолдауын жасады. Осыған орай саясаттанушы Ерлан Саировтың пікірін білген едік.

"Дәстүрлі түрде, елімізде күзде айтулы саяси оқиғалар орын алады. Ел басшылғы жаңа трендті белгілеп отыр. Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының куәсі болдық. Бұл еліміз бен азаматтар үшін тарихи оқиға болды. Біздің қоғамымыз кемелденіп, пікірлер плюрализмі дамып келеді, сондықтан біреулер Президент Жолдауын ықыласпен және оптимизммен қабылдаса, біреулер бұл құжатқа бейтарап қарайды. Бұл заңдылық, өйткені біз азаматтардың саяси мәдениетінің жедел дамуы мен саяси қалаулар әртараптануының куәсі болып отырмыз. Менің ойымша, Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаевтың Жолдауында азаматтардың оптимизмі мен жарқын болашаққа деген сенімін арттыруға қабілетті  көптеген тұстар бар" - дейді ол.

Оның айтуынша ел Президентінің сөзін «жаңа шептерге жету» іс-қимыл бағдарламасы деп белгілеуге болады. Жаңа ұлттық мақсаттар қойылып және халық пікірін әділ әрі шынайы шешу керек деген қағидалы түсінік қалыптасып келеді.

"Тәуелсіздік жылдарында біз көптеген жетістіктерге қол жеткіздік, бірақ барлық мәселе шешілген жоқ, әлеуметтік, рухани және экономикалық тұрғыдағы қауіп-қатерлер әлі де бар. Бұл туралы бүкпесіз және шынайы айтылу керек. Біз өзімізге ыңғайсыз сұрақтар қоя отырып,  нақты жауап іздеуді үйренуіміз керек. Жаңа кезең Үкімет пен биліктен жаңашылдықты, түрлі тұрмыстық мәселелерді шешуде тапқырлық пен жасампаздықты талап етеді. Ара-тұра, Үкімет азаматтардың сұраныстары мен үміттерін  сол азаматтардың өзінен жақсы біледі  деген бұрыс  пайымпайда болады. Осындай бұрыс пайымға сеніп, Өкімет өмірге деген   субъективті көзқарасын қоғамға күштеп таңғысы келіп тұрады. Мұндай  жағдайды, біз озық деп жүрген,  көптеген шетелдік мемлекеттері де басынан өткерген" - дейді саясаттанушы.

Ерлан Саировтың пікіріне қарағанда, қазір уақыт басқа, заман өзгерді. Үкімет және азаматтар болашақ үшін, қабылданатын шешімдер үшін  ынтымақтасып жауапкершілік алуға тиіс. Ұлтымыз алға және жоғары  жасампаздықпен ілгерілеу үшін  қуаты мен жігерін біріктіретін «ұлттық шоғырлану» кезеңі келді.

"Әрбір адам, ең алдымен, мемлекеттің қамқорлығын сезінуі, екіншіден, өз тағдырының иесі болуы үшін барлық шешімдер әділ және жүйелі болуға тиіс. Үкімет пен қоғам бірлесіп күш сала отырып, азаматтар үшін  жасампаздық жағдай мен мүмкіндік туғызуға, жаппай дамудың жаңа көкжиектерін ашуға тиіс. Біздің мақсатымыз – жаппай өркендеу мен даму. Өркендеуге әр адамның күш-жігері мен шығармашылығын таныту еркіндігін ұсынуға қабілетті мемлекеттер ғана қол жеткізен. Адам бостандығы мен қадір-қасиеті жалпыға бірдей игілік пен құндылыққа айналуға тиіс. Биікте қалықтау үшін үнемі қозғалыста болып, өрелі мақсаттар қоя білуіміз қажет. Әркім «жаңа шептердің» пионері, өз тағдырын жасаушы және  өмірінің иесі болуы керек. Тұрақтылық, Демократия, Жаңару – «жаңа кезең» міндеттерінің  үшбірлігі  осы…" - дейді Ерлан Саиров

Өзгелердің жаңалығы