Саясаттанушы: Бұрын кезектен тыс сайлау туралы хабарландыру мен тиісті Жарлыққа қол қою бір күнде болатын

21 Қыркүйек 2022, 20:39
2811
Бөлісу:
Саясаттанушы: Бұрын кезектен тыс сайлау туралы хабарландыру мен тиісті Жарлыққа қол қою бір күнде болатын

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Ермек Тоқтаров мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауына қатысуға ниетті адамдардың нақты шешім қабылдауына 3 апта уақыты болғанын айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Президент мерзімінен бұрын сайлау жариялау ниеті туралы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауы кезінде мәлімдеді. Яғни, ықтимал үміткерлердің ресурстарын бағалау және алдағы кезектен тыс сайлауға қатысу туралы шешім қабылдау үшін үш аптаға жуық уақыт болды. Сайлау күні негізделген, өйткені Президент Жолдауында сайлау осы күзде өтетінін айтты. Бірақ бұрын кезектен тыс сайлау өткізу туралы хабарландыру және өткізу туралы Жарлыққа қол қою бір күнде болатын. Қазіргі жағдайда Мемлекет басшысы сайлау өткізу туралы жариялағанынан кейін Жарлыққа қол қойғанына дейін бір айдай мерзім өтті, – дейді сарапшы.

Оның пайымынша, қарашаның ауа райы жағдайлары азаматтардың дауыс беруге қатысуына әсер етпейді.

Адамдар президенттік сайлауға белсенді қатысады. Тарихымызда қыста Президент сайлауы үш рет өтті: 1991 жылғы 1 желтоқсанда, 1999 жылғы 10 қаңтарда және 2005 жылғы 4 желтоқсанда. Бұл сайлауға сайлаушылардың келуі 77,1% және 88,2% арасында болды. Сондықтан қарашаның ауа райына қарамастан азаматтардың дауыс беруде жоғары белсенділігін күтуге болады, – дейді саясаттанушы.

Сондай-ақ ол бұл сайлаудың ерекшелігі науқан әлемдегі күрделі геосаяси және макроэкономикалық жағдаймен тұспа-тұс келуімен ерекше екенін айтады.

Қазір ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету бұрынғыдан да маңызды. Бұл сайлаудың тағы бір ерекшелігі - ол Президенттің өкілеттіктері айтарлықтай қысқарған кезде жаңа жағдайда өтеді. Енді Президенттің партия мүшесі болуға құқығы жоқ, тек бір мерзімге сайланады және қайта сайлануға құқығы жоқ. Президент лауазымына алдағы күресті қиындататын басқа да көптеген шектеулер бар, – дейді Ермек Тоқтаров.

Өзгелердің жаңалығы