Саясаттанушы: Бұл - либерализация мен демократияның айқын көрінісі

4 Мамыр 2022, 21:26
1242
Бөлісу:
Саясаттанушы: Бұл - либерализация мен демократияның айқын көрінісі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Либерализация мен демократияның біздің өмірімізде айқын көрінісі болып жатыр, дейді саясаттанушы Самат Нұртаза.

Конституциялық өзгерістер бойынша топ Мемлекет басшысына Тұңғыш Президент туралы 91-бапты Ата заңнан алып тастауын сұрады, - деді  Самат Нұртаза.

Ол болашақта тағы өзгерістер болатыны туралы айтты.

Бұл қадам халықтың талабы деп есептеуге болады. Президент халықтың талабын орындайтыны сөзсіз. “Еститін мемлекет” деген осы шығар. Менің ойымша бұл нақты көрсеткіш. Жалпы Президентіміздің халықтың пікіріне, сөзіне құлақ салып, қоғамның тонусын жіті бақылап отырғаны қуантады. Болашақта тағы өзгерістер болатыны анық. Либерализация мен демократияның біздің өмірімізде айқын көрінісі болып жатыр, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы