Саясат Нұрбек журналистерден көмек сұрады

26 Қазан 2022, 12:00
1428
Бөлісу:
Саясат Нұрбек журналистерден көмек сұрады

Astana Media Week 2022-нің пленарлық сессиясында сөз сөйлеген ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұқаралық ақпарат өкілдерінен көмек сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрлікте мемлекеттік стандартты өзгерту процесі жүріп жатқанын айтқан министр «енді диссертациялар, диплом жұмыстарының ғылыми жетекшілігін, тіпті сабақтарды тек қана ғылыми дәрежесі бар адамдар емес, индустрияда мықты-мықты мамандардың жүргізу мәселесі қаралып жатыр» деді министр. 

Сондықтан Саясат Нұрбек «Жоғарғы оқу орындарымызға көмектесіңіздер» деді Astana Media Week қатысушыларына.

Қазіргі таңда 24 жоғарғы оқу орынымыз журналистика және медиа мамандарын даярлап жатыр. Дәл қазір оқып жатқан студенттер саны – 4588. Биылғы оқу жылының түлектер саны 272 адам деп күтіледі. Негізгі мәселе – мамандандырылған журналистика бағдарламаларының аз болуы, – деді министр.

Министр жалпы кадр даярлау, білім беру, әсіресе жоғары білім беру саласы еңбек нарығымен үйлеспейтінін айтты. Сондай-ақ ЖОО-ларда салалық журналистикаға арналған мамандықтар ашылып жатқанымен бөлісті.

Еуразия ұлттық университетінде Журналистика және саясаттану, Дене шынықтыру және Әлеуметтану факультеттері бірігіп, спорт журналистика және цифрлық медианы басқару деген мамандықтар ашты. Астана IT университеті былтырдан бастап цифрлық журналистиканы енгізіп, дата-журналистика деген жаңа мамандықты оқыту бағдарламасын пысықтап жатыр, – деді министр.

Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрлігі енді әр саланың, әр өңірдің талаптарын, кадрлық тапшылықтарын ескеретінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы