Саясат Нұрбек ЖОО-ның қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты

13 Шілде 2023, 15:20
682
Бөлісу:
Саясат Нұрбек ЖОО-ның қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты
PHOTO
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Бүгін еліміз бойынша ЖОО-да білім беру гранттарының конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды, ол 20 шілдеге дейін жүргізіледі. Осыған байланысты ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Құжаттарды қабылдау кез келген жоо (орналасқан жері бойынша) арқылы жүзеге асыруға болады.

Саясат Нұрбек ЖОО-ның қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты

Биыл 135 мың адам ҰБТ-да шекті балл жинағанын жақында ғана айтқанбыз, енді бұл балалар грант конкурсына қатыса алады. Жылдағыдай, білім беру гранты иегерлерінің тізімі үстіміздегі жылдың 10 тамызына дейін жарияланатын болады. Ал, жоо-на қабылдау 25 тамызға дейін аяқталады, – деді министр Саясат Нұрбек.

Саясат Нұрбек ЖОО-ның қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты

Отандық жоо-ларға оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынады.

Саясат Нұрбек ЖОО-ның қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты

Естеріңізге сала кетсек, биыл бакалавриатқа түсу үшін 73 мың грант бөлініп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық гранттың 60% техникалық мамандықтарға бөлінді. Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны 18 744 грантты құрайды. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 12 560 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 103 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 7 388 грант тиесілі. «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 653 грант бөлінген. Сонымен қатар биыл халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін гранттар бөлінді.

Саясат Нұрбек ЖОО-ның қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты
Өзгелердің жаңалығы