Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Саясат Нұрбек сүйінші жаңалық айтты

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
26 Қыркүйек 2025, 16:04
2599
Бөлісу:
 архив/ Арман Мухатов
Фото: архив/ Арман Мухатов

Бүгін Мәжілісте өткен “Қазақстанда жасанды интеллектіні дамыту” тақырыбындағы парламенттік тыңдау кезінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек отандық білім беру жүйесіне қатысты жағымды жаңалықты бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр өз сөзінде жуырда Нью-Йорк қаласында өткен кездесу аясында Қазақстан тарапының OpenAI компаниясымен келіссөздер жүргізгенін хабарлады. Нәтижесінде, әлемге әйгілі жасанды интеллект компаниясы Қазақстанда пилоттық жобасын іске асыруға келісім берген.

Бір ғана сүйіншіммен бөліскім келеді. Жақында ғана Нью-Йорк қаласында Президент OpenAI компаниясының басшылығымен кездесті. Нәтижесінде OpenAI-дың оқытушылар мен оқушыларға арналған арнайы ChatGPT моделі Қазақстанда пилоттық режимде енгізілетін болды. Бұл – баршамыз үшін үлкен сүйінші! – деді Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, әлемнің ең жетекші компаниясы өздерінің жаңа өнімін алғашқылардың бірі болып Қазақстанда сынап көруге ниет білдіріп отыр.

Өзгелердің жаңалығы