Саясат Нұрбек CNN өкілдерімен кездесті

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек CNN өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

14 Маусым 2023 2023, 20:13
АВТОР
 Ғылым және  жоғары білім министрлігі 14 Маусым 2023 2023, 20:13
14 Маусым 2023 2023, 20:13
1149
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек CNN өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара барысында тараптар халықаралық ынтымақтастықты талқылады. Кездесу барысында CNN өкілдері Қазақстанда CNN Академиясын ашу жоспары туралы айтты.

Стратегиялық серіктестік директоры Walid Chamak айтуынша, ұйымның басты мақсаты заманауи әлемде жетістікке жетуге қажетті storytelling құзыретіне үйрету болады. Сондай-ақ, CNN академияны Орталық Азиядағы хабқа айналдырмақ.

Өз кезегінде Саясат Нұрбек идеяны қолдап, оны іске асыруда сәттілік тіледі. Сонымен қатар қонақтарды ведомствоның басты қызметімен таныстырды. Іс-шара соңында министр CNN өкілдеріне сапары үшін алғыс айтып, одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Наверх