Саяхатшылардың бестен бір бөлігі Алматыға барады

27 Қаңтар 2019, 16:16
2926
Бөлісу:
Саяхатшылардың бестен бір бөлігі Алматыға барады

Астана, BAQ.KZ. Қазақстанға саяхат жасаушылар мен еліміз ішінде саяхат жасаушылардың бестен бір бөлігі Алматыға барады. Оның 40 проценті – шетелдік туристер. Бұл туралы VII «Біз Алматы» форумында мәлімдеді. Бұл туралы krisha.kz сайты хабарлайды.

«Былтыр туристердің жалпы саны 12,7% артып, 503 905 адамды құрады. Алматы әуежайы арқылы 398 мың жолаушы келген. Оның ішінде 328 мыңы жеке сапармен келсе, 27 мың адам іскерлік мақсатта, 13 мың адам туристік мақсатта келген. Ресейден келген туристер көп (2018 жылы 101 мың адам). Екінші орында Қытай (32 мың) тұр», - деп хабарлады Алматы қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ілгерілету бөлімінің жетекшісі Аслан Қоңырханов.

Ол басқарманың туризм саласында цифрлық технологияларды дамытып, мегополисті көтеруге үлкен назар аударатынын айтты.

«2017-2018 жылдары біз BBC, Euronews және туризм бойынша ең ауқымды сайт TripAdvisor-мен серіктестік орнаттық. Қаладағы әуежай мен вокзалдарда сегіз ақпараттық киоскі қойылды. Almaty Pass картасы жасалды. Турист бұл карта арқылы қоғамдық көлікі тегін қолданып, Алматының көрікті жерлеріне жеңілдікпен бара алады.

«Сондай-ақ, қаладағы көрікті жерлерге QR-код қоймақпыз, осылайша адамдар нысанның тарихы туралы тыңдай алады», - деді Аслан Қоңырханов.

 

Өзгелердің жаңалығы