Саяхатшы артық жүк салуға болатын ерекше әдісті көрсетті

Саяхатшы артық жүк салуға болатын ерекше әдісті көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды

 pixabay.com 23 Сәуір 2025 2025, 12:37
23 Сәуір 2025 2025, 12:37
683
Фото: pixabay.com

Саяхатшы артық жүк салуға болатын ерекше әдісті көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желіде саяхатшы қыздың артық жүк шектеулерін айналып өтудің ерекше тәсілін көрсеткен видеосы тарады.

Бейнежазбада қыз кең шалбарының жасырын қалталарынан ноутбук қуаттағышын, тінтуірді, басқа да қол жүгінде орын алатын заттарды алып шыққанын кқруге болады.

"Барлығы кең шалбар стиль үшін деп ойлайды. Негізі бұл – өмір салты", – деп әзілдейді ол.

Наверх