Саябақта суицид жасаған әйел өз қызын тұншықтырып өлтірген

24 Маусым 2024, 20:54
570
Бөлісу:
Саябақта суицид жасаған әйел өз қызын тұншықтырып өлтірген
Фото: pixabay.com

Алматы саябағында шолу дөңгелегінен секіріп кеткен әйел өлер алдын өзінің қызын тұншықтырып өлтірген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Zakon.kz мәліметінше, марқұм бұған дейін Алматы облысының Іле ауданында тұрған екен.

Суицидке бармас бұрын ол үйіндегі кішкентай қызын тұншықтырып өлтірген көрінеді.

Алматы облыстық полиция департаменті бұл деректі растапты.

Кәмелет жасына толмаған қыздың өліміне байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жария етілмейді, - деп қысқа қайырды ведомстводағылар.

Еске салсақ, бүгін Алматыдағы Горький атындағы саябақта жас қыздың биік аттракционнан секіріп кетіп, мерт болғаны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы