Саябаққа самокатпен кіруге болмайды. Тұрғындар не дейді

9 Маусым 2023, 16:50
707
Бөлісу:
Саябаққа самокатпен кіруге болмайды. Тұрғындар не дейді
Фото: автордан

Алматы қаласында жалға алынатын электр самокаттарға шектеу аумағы бекітілді. Десе де, бұл жаңалық қала халқының көңілінен шықпады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Тұрғындардың пікірінше, самокатты саябақ аумағында тебу қауіпсіз әрі пайдалы болатын.

Еске салайық, электр самокаттармен мына саябақтарда жүруге болмайды Тұңғыш Президент, Южный, 28 панфиловшы, Мәдениет және демалыс саябақтары. Сонымен қатар ҚБТУ алдында және Северный скверлерінде, Ботаникалық бақта, Арбатта (Жібек жолы даңғылы Назарбаев даңғылы Абылай хан даңғылына дейін) және Терренкурда жүруге шектеу қойылған.

Бұл өзгерістерге қарсымын. Себебі адамдар самокатты саябақтарда жүріп үйрене бастайды. Үлкен алаңқайларда оларға ешікім кедергі келтірмейді. Осы уақытқа дейін саябақ маңайында, демалыс орындарында болған оқыс оқиғалар туралы естімедім. Керісінше, жол жиектерінде жүру өте қауіпті. Самокатты дұрыс басқара алмайтындар көлікпен соқтығысып, жаяу адамдарды қағып кетіп жатады. Тіпті  жарақаттанып, адам өміріне қауіп төндірген оқиғалар да болған. Оның орнына қаупсіздік шараларын нығайтсын. Жаяу жүргіншілер жолағында кетіп бара жатсаңыз, алдына баласын алып алған ата-аналарды жиі көремін. Баламен жүру саябақтарда рұқсат етіліп, басқа жерлерлде тыйым салынса , – дейді Ержан Тоқберді есімді қала тұрғыны.

Ал қалалық мобилді басқармасының пікірінше, бұл шешім тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған. 

Электросамокаттардың қалада белгіленген орындары бар. Өткенде кикшеринг компаниялары қалада самокат қоятын 1200 тұрақты белгіледі. Сол жерлерге де қойылатын болады. Самокаттар саябаққа кіре алмайды, кірген бетте істемей қалады. Айта кетейік, 4 кикшеринг компания осындай өзгерістерді енгізді. Ал жекеменшік, өзінің самокаты бар адамдарға бұндай шара қолдана алмаймыз, – дейді Алматы қалалық мобилділік басқармасының бас маманы Марат Түменбай. 

Саябақтарда демалыс және мереке күндері электросамокаттармен жүретіндердің қарасы көп. Аталған өзгеріске көпшілігінің наразылық білдіруі қалыпты құбылыс дейді мамандар. 

Баларым самокатпен жүргенді  жақсы көреді. Қауіпсіз әрі ыңғайлы орын саябақ болатын. Бір шетінен таза табиғатта демалып, көңілдері сергиді. Бала болған соң айтқанды тыңдамайды. Жол жиегі тар еді, енді жағдай тіпті қиындайын деп тұр. Дегенмен бұл өзгерістің жағымды тұстары да бар. Жылдамдық азайып, самокаттарды бей-берекет қалдырып кете бермейді, – дейді Айман есімді қала тұрғыны.

Бұдан бөлек, кей көшелелерде самокаттың жүру жыламдығы азаймақ. Мәселен, Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде, Мақатаев көшесінде Чайковский және Желтоксан көшелерінің аумағында орналасқан скверде жылдамдық 10 км/сағ дейін шектеледі. Аталған аумақтарда және Төлебаев көшесінде электросамокаттарды қалдыруға тыйым салынады.

Шектеулер электросамокаттарды жалға беруші компанияның арнайы қосымшасында көрсетілетін болады. Қолданушылар ережені сақтап, адамдар көп жиналған орында үлкен жылдамдықпен жүрмеулері тиіс.

Өзгелердің жаңалығы