Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Саусағы сынған: Ақтау аквапаркінде 6 жасар бала жарақат алды

29 Тамыз 2025, 22:53
881
Бөлісу:
 lada.kz
Фото: lada.kz

Ақтаудағы «TetysBlu» аквапаркінде демалып жүрген алты жасар қыз бала жарақат алды. Бұл туралы зардап шеккен қыздың анасы Инара Байрамова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Анасының айтуынша, оқиға 26 тамызда болған.

Қызым бассейнге жүгіріп бара жатқанда саусақтары су төгетін тордың тесігіне кептеліп қалды. Алғашында тек терісі жыртылды, бірақ кейін үйде қатты ауырып, қызуы көтерілді. Ауруханаға барған соң рентген нәтижесінде сол аяғындағы төртінші саусақтың сынғаны анықталды, – деді ол.

Әйел полицияға да, аквапарк әкімшілігіне де шағымданғанын айтады.

Аквапаркте тек оқиғаның мән-жайын сұрап, тезірек сауығып кетуін тіледі. Полиция да келді, жарақаттың шынымен аквапаркте болғанын растады. Бірақ олар тек әкімдікке жүгінуге кеңес берді. Әкімшілік те, полиция да нақты шара қолданбады, – деді Байрамова.

Ал облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі іс материалдарының кәсіпкерлер палатасына берілгенін хабарлады. Қазіргі уақытта аталған жағдайдың мән-жайы қаралып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы