Денсаулық сақтау министрлгі онкологиямен ауыратын пациенттерді сәулелік терапиямен қамту көрсеткіші өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін 2024 жылы еліміздің 5 өңірінде 6 жаңа желілік үдеткішті іске қосты, бұл сәулелік терапиямен қамтуды 3,2%-ға өсумен 41%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді, - деп атап өтті бүгін ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова кеңейтілген алқа отырысында сөйлеген сөзінде.
Ауруларды дәл диагностикалау және обырды емдеудің тиімді әдістерін әзірлеу үшін Алматыда 2 жаңа ПЭТ/КТ орталығын және бір циклотрондық-өндірістік кешенді ашу маңызды қадам болды.
Таяу жылдары Қазақстанда Астана, Ақтау, Қызылорда, Қарағанды және Ақтөбеде жаңа ядролық медицина орталықтары, сондай-ақ Алматы, Қарағанды және Ақтөбеде тераностика орталықтары іске қосылады.
Сондай-ақ, биылғы жылы Алматыдағы Энергетика министрлігінің Ядролық физика институтының ғимаратын салу және циклотрондық-өндірістік кешенмен жарақтандыру көзделген.
Бұл шаралар онкологиялық көмекке мұқтаж пациенттерді ПЭТ-диагностикамен, инновациялық емдеу әдістерімен 100% қамтуды қамтамасыз етуге және радионуклидтік терапияның қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ауыр диагнозы бар пациенттер шетелге, басқа қалаларға бармай және өз кезегін күтпестен тұрғылықты жерінде емделе алады.