Сәуірдің соңына дейін қазақстандықтарға қандай вакциналар қолжетімді болады?

14 Сәуір 2021, 18:02
1303
Бөлісу:
Сәуірдің соңына дейін қазақстандықтарға қандай вакциналар қолжетімді болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы «Елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және вакцинация жүргізу барысы туралы» өткен онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты.

Бүгінгі таңда вакцинаның бірінші компонентімен 435 мың адам, екінші компонентімен 170 мыңнан астам азамат егілді. Сәуір айының басынан бері өңірлерге «Спутник V» вакцинасының 923 мыңнан астам дозасы жеткізілді, - деді Шоранов.

Оның айтуынша, сәуір айының соңына дейін ресейлік вакцинаның тағы 910 мың дозасы және басқа өндірушілердің вакцинасының 500 мың дозасы жеткізіледі деп күтілуде.

Сондай-ақ отандық QazVac вакцинасының 25 мың дозасы еліміздің екі миллионға жуық азаматқа вакцинацияға қолжетімділікті қамтамасыз етеді, - деп толықтырды Марат Шоранов.

Ол бұған дейін 18 жасқа дейінгі балаларға вакцина салу мәселесіне қатысты пікір білдірген болатын.
Өзгелердің жаңалығы