Сәуірде 20 мың адам сырқаттануы мүмкін – Шоранов

3 Наурыз 2021, 18:43
1411
Бөлісу:
Сәуірде 20 мың адам сырқаттануы мүмкін – Шоранов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.

Ақпан айындағы және наурыздың басындағы тенденцияға қарап, келесі айда 15 мыңнан 20 мың адам сырқаттануы мүмкін екенін болжап отырмыз. Біз алынған деректерді екі аптада бір рет үнемі жаңартамыз. Бірақ бұл да тікелей өзімізге байланысты екенін ескерген жөн. Алда Наурыз мейрамы келе жатыр. Сондықтан халықтан үлкен той жасамай, мейрамды отбасы мүшелері ортасында ғана атап өтуді сұраймыз, - деді ол.

Шоранов жаңажылдық мерекелерден кейін сырқаттанушылық деңгейінің бірден өсіп кеткенін еске салды.

Халықтан осы жағдайды естен шығармай, санитарлық нормаларды мұқият сақтауды, масқа тағып, әлеуметтік қашықтықты ескеруін сұраймыз, - деді вице-министр.

Айта кетейік, биыл наурыз айында қазақстандықтар 12 күн демалады.

Бұған дейін Марат Шоранов 2021 жылы 6 млн-нан астам адамды егу жоспарланғанын хабарлаған болатын. Ол сонымен қатар 2022 жылдан бастап денсаулық сақтау саласындағы медицина саласы қызметкері болып саналмайтын азаматтардың да жалақысын көтеру жоспарланып отырғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы