Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «ҚР-да МСАК-тың рөлі мен дамытуды күшейту және COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы» брифинг барысында айтты.
Коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр. Бүгінде алғашқы кезең бойынша 131 170 адам екпе алды. 22 ақпанда егудің екінші кезеңі басталды. Онда 32 482 адам вакцина ектірді, жанама әсер байқалмады. Өңірлерге 150 мың доза вакцина жеткізіліп жатыр. Сәуірде қосымша 2,5 млн вакцина дозасы әртүрлі өндірушілерден жеткізіледі, - деді ол.
Министр бұл вакцинаның көлемі коронавирустың жұқтыру қаупін төмендетіп, өз еркімен екпе салдырғысы келетіндерге мүмкіндік береді.
Вакцинация кезінде ұйымдастырылған ұжымдарда екпе салдырту үшін жылжымалы екпе салдыру мобильдік топтары немесе пункттер жұмыс істейді. Вакцинация - вирусты тоқтататын жалғыз жол. Жанама әсерлері жоқ әрбір қазақстандықты вакцина алуға шақырамын. Осылай ғана біз қалыпты өмірге орала аламыз. Вирустың таралуын тоқтату үшін қарапайым сақтық шараларын да сақтау керек, - деді Цой.