ҚР Үкіметінің қаулысымен Қайрат Такирұлы Балықбаев ҚР Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайрат Балықбаев1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы жекеменшік компанияның менеджері болып бастаған.
2006-2009 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құрылымында әртүрлі лауазымдарды атқарды.
2011-2016 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ департаментінің директоры, басқарушы директоры, ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-президенті.
2017-2018 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі.
2019-2021 жылдары – «KazEnergy» ЗТҚ бас директорының штаттан тыс кеңесшісі.
2021 жылдың ақпан айынан қазіргі уақытқа дейін Еуразиялық даму банкі Цифрлық бастамалар дирекциясының басқарушы директоры қызметін атқарды.