Сауда соғысы: Қытай АҚШ-тан басым болуы мүмкін

6 Сәуір 2025, 20:09
962
Бөлісу:
Сауда соғысы: Қытай АҚШ-тан басым болуы мүмкін
Фото: depositphotos.com

АҚШ-тың Қытайға енгізген жаңа сауда тарифтері жаһандық экономикалық тәртіпті өзгертіп, Қытай мен Американың арасындағы текетіресте Бейжіңнің басымдыққа ие болуына себеп болуы мүмкін. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Басылым АҚШ әкімшілігінің Қытайдан келетін импортқа шектеу енгізгенін, ал оған жауап ретінде Қытайдың бірқатар америкалық компанияларға санкция салып, сирек кездесетін металлдардың экспортын шектегенін еске салады. Бұл шешім жаһандық жеткізу тізбектеріне елеулі әсер етуі ықтимал.

Мақаласында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин қалыптасқан жағдайды стратегиялық тұрғыда тиімді пайдаланып отырғаны айтылған. Пекин маңызды импорттық тауарларға балама табуға сенімді, ал Қытаймен байланысын АҚШ арқылы сақтағысы келген елдер енді қысымға ұшырап отыр.

Мысалы, АҚШ Вьетнамға – 46%, Таиландқа – 36%, Индонезияға – 32%, Филиппинге – 17% көлемінде тариф енгізген. Жапония мен Оңтүстік Корея да тиісінше 24% және 25% баж салығына тап болды. Бұл жағдай Вашингтонның Қытайға қарсы экономикалық және стратегиялық блок құру талпыныстарын қиындатып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдың АҚШ-қа қарсы енгізген тарифтерін “қате шешім” деп бағалаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы