Сауда орталығындағы жарылғыш зат туралы ақпарат жалған – полиция

23 Сәуір 2021, 20:24
1697
Бөлісу:
Сауда орталығындағы жарылғыш зат туралы ақпарат жалған – полиция

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 23 сәуірінде сағат 10.00 шамасында Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан "Mall Aport" сауда-ойын-сауық орталығының аумағында жарылғыш зат салынғаны туралы жасырын ақпарат келіп түскен болатын. 

Оқиға орнында полицейлер, саперлер және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық шұғыл қызмет мамандары жұмыс істеді.

Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат табылған жоқ. Ақпарат жалған болып шықты. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау" бабы (273-бап) бойынша қылмыстық іс қозғалды, жалған ақпарат таратушыларды анықтау және ұстау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар, қазіргі уақытта нысанның штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлаймыз, - деп жазды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы