Сауда орталығында жасөспірім екі әйелді өлтіріп кетті

Кеше, 02:25
571
Бөлісу:
Сауда орталығында жасөспірім екі әйелді өлтіріп кетті
Фото: NEWSru.com

Чехияда сауда орталығының бірінде белгісіз біреу пышақпен шабуылдап, екі әйелді өлтіріп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Полиция таратқан деректерге сәйкес, көз жұмған екі әйел адам да сауда орталығындағы дүкендердің бірінде жұмыс істеген.

Күдікті – 16 жастағы жасөспірім.

Градец-Кралов қаласындағы қайғылы оқиғаға күдіктіні тәртіп сақшылары бес минуттан соң қолға түсірген.

Біз күдіктіні 10 минуттан соң қылмыс болған орыннан бір шақырымдай жерден ұстадық. Оны оқиға орнында арнайы жасақ қолға түсірді, - делінген хабарламада.

Қайғылы жайтқа елдің үкімет басшысы Петр Фиала да пікір білдіріп, қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.

Бүгін Градец-Краловта болған жайт – түсініксіз әрі жаға ұстатарлық оқиға, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы