“Сауда орнын алып беремін”: Шымкент полицейлері алаяқты ұстады

25 Маусым 2021, 22:56
6138
Бөлісу:
“Сауда орнын алып беремін”: Шымкент полицейлері алаяқты ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттік полицейлер сауда орнын алып беремін деп тұрғынды алдап кеткен алаяқты ұстады деп хабарлайды Polisia.kz. 

23 маусымда Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу Шымкент қаласындағы «Темір жол вокзалының алдынан сауда орнын алып беремін» деп, алаяқтық жолмен 70 мың теңге ақшасын иемденіп кеткенін көрсеткен. 

Шымкент қалалық ПД Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. 

Тексеру жұмыстары жүргізілуде.



Өзгелердің жаңалығы