Сауда министрі: Дәретхана қағазының қымбаттағанын бірінші рет естіп тұрмын

16 Ақпан 2023, 11:40
2946
Бөлісу:
Сауда министрі: Дәретхана қағазының қымбаттағанын бірінші рет естіп тұрмын
Фото: qazaquni.kz

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

БАҚ өкілдері ведомство басшысына елде дәретхана қағазының қымбаттағанын мысалға келтірді. Сондай-ақ басқа қандай тауарлардың бағасы өсуі мүмкіндігін сұрады. 

Қағаз қымбаттағанын бірінші рет естіп тұрмын. Қазір тапсырма беремін. Кейін сұрақтарыңызға нақты жауап береміз, - деді Серік Жұманғарин Сенаттың жалпы отырысынан соң кулуарда тілшілерге берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, Қазақстан аумағында тек әлеуметтік маңызға ие 19 тауардың бағасы ғана бақылауда.  

Қандай тауарлар қымбаттауы мүмкін? Оған да нақты жауап бере алмаймын. Себебі, мыңдаған тауар бар. Әрбір адам әртүрлі тауарға қызығады. Біріншіден, бәрін бақылауға алуға мүмкіндік жоқ. Екіншіден, ешқандай қажеті жоқ. Қазір бізде әлеуметтік маңызы бар 19 тауар бар. Оларды біз бақылауға алдық, - деді вице-премьер.

Energyprom.kz порталы таратқан ақпаратқа сүйенсек, былтыр ел аумағында 26,8 мың тонна дәретхана қағазы өндірілген. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 23,7 пайызға төмен. 

Белгілі болғандай, республикамызда бір жылдың ішінде дәретхана қағазының бағасы 50 пайызға өскен. Тіпті халық оның қымбаттауына байланысты дәретхана қағазын қолдануды азайтқан. 

Өзгелердің жаңалығы